АҚТӨБЕ. 26 ақпан. Ақтөбе қалалық көркемсурет лицейінде жас суретшілер арасында ұйымдастырылған «Жемқорлық – індет, күресу – міндет» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйтқы болуымен өткізілген шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Байқауға қала оқушылары атынан 50-ден астам жұмыс түскен. Ұйымдастырушылар солардың ішінен тақырыпқа сай және ерекше көркем жасалған дүниелерге таңдау жасаған. Байқаудың бас жүлдесін Евангелина Терещенко жеңіп алды. Бірінші орынға Сияхан Ашықова лайық деп танылды. Ал одан кейінгі жүлделі орындарды Данияр Кәукеев, Жәмилә Сатыбаева, Ақжайна Қаржаубаева, Нұртілек Елеусіновтер өзара бөлісті. Сондай-ақ, өзіндік сурет салу ерекшелігімен көзге түскен Мерей Тұрабаева, Ғалымжан Сәмет, Таңсу Ордабаева, Кәмшат Жұмабаева арнайы аталымдар бойынша марапатталды.
Сатбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: bolashak.kz.

Ата заң • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы өңір
Саясат • Бүгін, 08:05
Парламенттік дипломатия: Қазақ-өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды
Саясат • Бүгін, 08:00
Экономикалық әріптестік нығая береді
Саясат • Бүгін, 07:58
Пікір • Бүгін, 07:55
Бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі
Саясат • Бүгін, 07:53
Ғылым қоғамға қызмет етуі керек
Пікір • Бүгін, 07:50
Қасым-Жомарт Тоқаев: Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі
Президент • Бүгін, 07:45
Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше