14 Мамыр, 2015

Түрлі ұлттың 570 өкілі Қазақстан азаматы атанады

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Қазақстан азаматтығын алу және одан шығу мәселелері қаралды. Өзінің сөзінде Г.Әбдіқалықова егемендік жылдары 956 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алғанын, оның басым көпшілігі соңғы жылдардың үлесіне тиетінін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Қазақстан азаматтығын алуға ниеттенген әлемнің әртүрлі елдеріндегі адамдар санының үздіксіз өсе түсуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық сындарлы, әлеуметтік тартымды және халықаралық деңгейде танылған мемлекеттік саясатының жарқын көрінісі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойған соң алыс және таяу шетелдерден келген түрлі ұлттың тағы 570 өкілі Қазақстан азаматы атанатын болады. Бұл күнгі комиссия оты­рысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.