Жастар • Бүгін, 08:22

Жас келсе – іске

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзіне ұнайтын әрі қолайлы кәсіп түрімен айналысып жүрген Райымбек Ақкөлұлы – Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі. Ол жеке детейлинг орталығын ашып, өлке тұрғындарын жұмыспен қамтуды бір жыл бұрын бастаған.

Жас келсе – іске

2024 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетін «химия» мамандығы бойынша тәмамдаған Райымбек мамандығының қызмет көрсету саласына қажеттілігін аңғарды. 2025 жылы серіктесі Бауыржан Алдияровпен Ақтаудағы «ABS deteiling» химиялық тазалау ор­талығының негізін қалады.

Жеке кәсіпкердің айтуын-ша,Ақтау қаласының жүргі-зушілеріне химиялық тазалау, көлікке қорғаныс қаптамаларын жабыстыру сұранысқа ие. Басты­сы – сапалы қызмет көрсетуді жолға қою керек. Сапалы қызмет көрсетуді, тұтынушылары­ның көңілінен шығуды және бәсе­келестікке төзімділікті қалып­тастыруды мақсат еткен серіктес жігіттер жан-жақты ізденіспен жұмыс істеуді жөн санайды. Олар қазір он адамға тұрақты жала­қы төлеп жұмысқа алған, алдағы жар­тыжылдықта тағы да 5-10 адамды жұмыспен қам­тығысы келеді.

– Біз әлі пайда табуға шыға қойған жоқпыз. Бірақ қазіргі мақсатымыз – қызмет көрсетуді жоғары деңгейге көтеріп, қыз­меткерлерімізге Қазақстан Рес­публикасының заңнамасына сәйкес толықтай жалақы төлеу­ді жолға қою. Бұйырса, әріптес­теріміздің қатарын көбейтіп, өлке экономикасының алға жылжуына үлес қосқымыз келеді, – дейді жас кәсіпкер.

Кәсібін енді бастаған жас кәсіп­кердің бастамасы тұтыну­шылардың көңілінен шығады деген сенімдеміз.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32