14 Мамыр, 2015

Мақсат – жүйелі ұсыныстар әзірлеу

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын, қыз­мет­керлердің этика сақтауы мен олардың азаматтар алдындағы жауап­кершілігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі ұсыныстар әзірлеу жөніндегі отырыс жұмы­сына арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдарының, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Отырыс барысында кадрлық жұмыстың жай-күйі және оның тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Кадрларды іріктеу мен орналастыру жүйесін жетілдіруге, оларды кәсіби оқытуға және азаматтардың мінез-құлық этикасының үлгісін әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, қыз­мет­керлердің мәртебесін көтеру, қыз­меткерлердің және құқық қорғау органдарының жұмысын бағалау критерийлерін өзгерту мәселелері де қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша, мемлекеттік органдарға ең үздік халықаралық тәжірибелерді және өз тәжірибесін ескере отырып, кадрлық жұмыстың тиімділігін, қызметкерлердің мінез-құлық этикасын арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуге тапсырма берілді.