27 Наурыз, 2015

Пикассоның картинасы $140 миллионға саудаға шығарылады

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-03-15-pikasso-1

АСТАНА. 27 наурыз. Аты әлемге әйгілі қылқалам шебері Пабло Пикассоның «Алжир әйелдері (Версия «О»)» деген картинасы саудаға шығарылды. Бұл туралы Bloomberg хабарлады. Полотно 140 млн. долларға бағаланып отыр. Егер сатып алушысы табылса, ол тарихтағы ең қымбат бағаға сатылған өнер туындысы болғалы тұр. 1955 жылы салынған картина биылғы 11 мамырға белгіленген «Алға қарай, өткенге көзқарас» деген аукционның шеңберінде саудаға түсетін болады. Ол мұның алдында 1997 жылы Виктор және Салли Ганцтердің жеке коллекцияларын сату аясында аукционға қойылған болатын. Ол кезде туындының бағасы 31,9 млн. долларды құрады. Ал ерлі-зайыпты Ганцтер оны 1956 жылы суретшінің өзінен 212,5 мың долларға сатып алған екен. Суретші Эжен Делакруаның туындысымен аттас бұл картинада куртизанкалардың (жеңіл жүрісті әйелдердің) бір тобы бейнеленген. Пикассо оны Делакруаның «Араб әйелдері» оммажына ұқсастырып дәл осындай он бес версия жасаған. Олардың әрбірі алфавиттің А әрпінен О-сына дейін жеке-жеке белгіленіп салынған. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: Bloomberg.