Қоғам • Бүгін, 11:20

110 млн теңгеден астам шығын: «Boxy Wealth» қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Boxy Wealth» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу нәтижесінде күдіктінің 1 жыл бойы Алматы аумағында аталған жобаның құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.

110 млн теңгеден астам шығын: «Boxy Wealth» қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

Фото: Ашық дереккөз

Тергеу материалдарына сәйкес, жоба «www.boxywealth.com» интернет-ресурсы және мессенджерлер арқылы жұмыс істеген. «Күнделікті табыс» деп аталатын чатта бастапқыда тұтыну тауарлары туралы ақпарат таратылып, кейін азаматтарды инвестициялық платформаға тарту механизмі іске қосылған.

6,8 млрд теңге шығын келтірген: Абай облысында қаржы пирамидасы әшкере болды

Қатысушыларға әртүрлі инвестициялық пакеттердің бірін сатып алу және күн сайын жарнамалық материалдарды қарау ұсынылған. Бұл ретте пайдаланушыларға тәулігіне 5%-10% көлемінде табыс уәде етілген.

Сонымен қатар жүйеде жаңа қатысушыларды тартқаны үшін бонус берілетін рефералдық схема жұмыс істеген.

Қаражат қабылдау жеке тұлғалардың (дропперлердің) банк шоттары арқылы жүргізіліп, кейін P2P аударымдар арқылы криптовалютаға айналдырылған. Мұндай схема қаржы ағындарын жасыруға бағытталған.

Сенім қалыптастыру мақсатында ұйымдастырушылар компанияны тіркеп, кеңсе ашқан, жарнамалық жұмыстар жүргізген, «табыс» көрсеткіштерін көрсетіп, салымшыларға кеңес беруді жолға қойған.

Тергеу қорытындысына сәйкес, 78 жәбірленуші азамат жалпы сомасы 110 млн теңгеден астам қаражат салған.

10 млрд теңгеден астам шығын: Қаржы пирамидасын басқарған күдікті елге экстрадицияланды

Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның Алматы қаласындағы жер учаскесіне тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге деректер жария етуге жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға инвестициялық жобаларға қаржы салмас бұрын олардың заңдылығын мұқият тексеруді, ұсынылатын ақпараттың шынайылығын бағалауды және ұйымдардың ресми тіркелгеніне көз жеткізуді ескертеді.

«NBC TV» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Соңғы жаңалықтар