Биыл Алматыдағы 2 мыңнан астам жаяу жүргінші өткелін жаңарту жоспарланып отыр. Бұл жол белгілерінің көрінуін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар көлік легін реттеу, қозғалысты жүйелеу, жолда қозғалыс тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратын бойлық жол таңбаларын сызу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр.
Жалпы жұмыс көлемі кемінде 300 мың шаршы метр жол таңбасын қамтиды. Таңбалар негізінен түнгі уақытта сызылады. Бұл көлік қозғалысына түсетін жүктемені азайтып, жұмысты жедел әрі тиімді орындауға жағдай жасайды.
Жұмыстар кезең-кезеңімен, көлік қозғалысының қарқынын және тұрғындардың өтінішін ескере отырып жүргізіледі.