Оның айтуынша, мемлекеттік органдар BNPL (buy now, pay later – «қазір ал, кейін төле») нарығын реттеуге бағытталған жаңа заң әзірлеуді немесе қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл банктік емес ұйымдар, маркетплейстер мен сауда орындары ұсынатын бөліп төлеу қызметтеріне қатысты.
Мұндай өнімдер формалды түрде несие болып саналмаса да, іс жүзінде кредиттік міндеттеменің барлық белгілеріне ие.
«Соңғы ақпаратқа сәйкес, Ұлттық банк бұл тетікті 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізуді жоспарлап отыр. Азаматтың ала алатын қарызының ең жоғарғы шегі номиналды түрде бекітіледі», деді Мәдина Әбілқасымова.
Сонымен қатар реттеуші орган биыл Ұлттық банк нақты шектеу көрсеткіштерін айқындайтынын атап өтті. Яғни, азаматтың жалпы қарызының көлемі, сондай-ақ ипотека, автонесие және кепілсіз несиелер бойынша бөлек шектеулер белгіленуі мүмкін.
«Азаматтың жылдық табысына шаққандағы жалпы қарыздың шекті коэффициенті енгізіледі. Бұл – Ұлттық банк қолданатын жаңа макропруденциалдық құрал», деді агенттік басшысы.
Қару асынғанға – қарыз жоқ: Сарбаздарға несие беруге неге тыйым салынбақ?