Президент • Кеше

Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық көмекке қатысты заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды

Фото: Ақорда

«Мемлекет басшысы «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Мемлекет басшысы Түркияның Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті

Сонымен қатар, Президент «2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөзде жария етіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады

Соңғы жаңалықтар