27 Наурыз, 2015

Ресей Эстониямен тұтқын алмасу жөніндегі келісімді жойды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-03-14-moskva-1

АСТАНА. 27 наурыз. Ресей Эстониямен арадағы бостандығынан айыруға сотталған тұлғаларды бір-біріне беру жөніндегі келісімнің күшін бір жақты жойды. Бұл туралы  «Коммерсантъ» хабарлады. Осыған байланысты тиісті өкімге Ресей президенті Владимир Путин қол қойды. Ол Кремльдің ресми құқықтық порталында жарияланды. Құжатта сыртқы істер министрлігінің Мәскеу шешімін эстон тарапына жеткізуі тиіс екені атап көрсетілген. Екі жақты келісімнен шығу туралы ұсынысты президентке 17 наурыз күні үкімет берді. Ол мұның ешқандай мәні жоқ екенін алға тартты. Ресей мен Эстония арасындағы келісімге 2002 жылғы қарашада Таллинде қол қойылған. Құрыш Нұрымбет. Мәнбе, сурет: Коммерсантъ.