27 Ақпан, 2015

Эстониялық бизнес-делегациямен кездесті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Эстония Республикасының экс-президенті Арнольд Рюйтель бастаған эстониялық бизнес-делегациямен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында, тараптар екі ел арасындағы сау­да-эко­номикалық байланыс­тар­ды дамыту, іскерлік ынты­ма­қ­тастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Бақытжан Сағынтаев Эсто­нияның Қазақстан үшін Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық әріптес болып табылатынын атап өте отырып, эстониялық кәсіпкерлерді қазақ­стандық рынокты белсендірек игеруге шақырды. Әңгімелесушілер Қазақстан-Эстония әріптестігінің жоғары дең­гейін және екі ел арасындағы өза­ра байланыстарды ұлғайту үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екенін атап өтті.