Әлем • Бүгін, 12:06

Ұлыбританияда кәмелетке толмағандарға зиянды өнімдерді сатуға өмір бойына шектеу қойылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания Парламенті табак өнімдері мен вейптерге қатысты заң қабылдады. Жаңа заңға сәйкес заңға сәйкес, 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған азаматтарға темекі өнімдерін өмір бойы сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Ұлыбританияда кәмелетке толмағандарға зиянды өнімдерді сатуға өмір бойына шектеу қойылды

Жаңа заңның мақсаты – «темекісіз ұрпақ» қалыптастыру және жастар арасында темекі тұтынудың алдын алу. Осылайша, 17 жасқа толмаған және одан кіші азаматтар үшін темекі өнімдеріне қолжетімділік біржола шектеледі.

Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп сирек жер металдарын игереді

Заң күшіне енгеннен кейін, министрліктерге темекі, вейп және никотин өнімдерін реттеу бойынша қосымша өкілеттіктер беріледі. Бұл шаралар өнімдердің құрамы, хош иістендіргіштері және қаптамасына қатысты талаптарды қатаңдатуды қамтиды.

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі бұл құжатты «тарихи шешім» және «қоғамдық денсаулық саласындағы ең ірі өзгеріс» деп бағалады. Оның айтуынша, заң көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Ұлыбританияға виза алу жеңілдеуі мүмкін

Айта кетейік, Ұлыбритания бұған дейін де темекі өнімдеріне қатысты жарнамаға шектеу қою, қаптаманы стандарттау және сату жасын кезең-кезеңімен қатаңдату сияқты бірқатар шараларды енгізген.

Соңғы жаңалықтар