Жас қатысушы жарыс қорытындысы бойынша 2-орынға ие болып, турнир кубогінің иегері атанды. Бұл оның халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жетістіктерінің бірі.
Бұған дейін Аманжол Central Asia FIRST Championship 2026 Азия чемпионатында 3-орын алып, өз командасына Қытайдың Бейжің қаласында өтетін FLL China Champion 2026 турниріне жолдама алып берген еді. Ол алдағы беделді додада Қазақстан атынан өнер көрсетпек.
Қызылордалық оқушы Менделеев олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
Сонымен қатар өткен жылы ол АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен XCEL бағытындағы Pobotixcel жеке жарысында 1-орын иеленіп, халықаралық деңгейде үздік нәтиже көрсеткен болатын.