Әлеуметтік желілерде deepfake технологиясы арқылы бір банктің басшысының бейнесі қолданылған жалған бейнеролик таралып жатыр. Онда азаматтарға Halyk+ атты инвестициялық платформа арқылы ірі көлемде табыс табу мүмкіндігі ұсынылатыны айтылған.
Министрлік ресми түрде мұндай платформаның жоқ екенін және таралып жатқан ақпараттың толық жалған екенін мәлімдеді. Мұндай алаяқтық әрекеттер азаматтардың қаржысын жоғалтуына әкелуі мүмкін.
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Ведомствоның мәліметінше, белгісіз онлайн-платформалар арқылы инвестиция салу ұсыныстары жоғары тәуекелмен байланысты. Қаржылық операцияларды тек банктердің ресми бөлімшелеріне жеке жүгіну арқылы жүзеге асыру ұсынылады.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды:
- әлеуметтік желілердегі күмәнді видеолар мен жазбаларға сенбеуге;
- белгісіз сілтемелерге өтпеуге;
- жеке деректерді бөгде тұлғаларға бермеуге;
- ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырады.
Мұндай материалдар анықталған жағдайда немесе алаяқтардың құрбаны болған кезде, азаматтарға дереу құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады.
«Несиеңіздің мәртебесі жаңартылды»: Ұлттық банк алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті