Оқиға • Бүгін, 11:47

Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеу облысының Серпухов қаласында жаңа туған қыз баланың өліміне байланысты 28 жастағы әйел қамауға алынды. Бұл туралы 26 сәуір күні өңірлік прокуратура хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды

Фото: Ашық дереккөз

Аталған дерек бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 106-бабы (ананың жаңа туған нәрестесін өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

800 мың теңге: Павлодарда нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды

Тергеу мәліметінше, күдікті жауап алу барысында өз кінәсін мойындаған. 21 сәуір күні Большевик кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан қоқыс контейнерлері маңынан сәбидің денесі табылған болатын. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды

Сараптама нәтижесінде сәбидің ДНҚ үлгісі бұған дейін міндетті геномдық тіркеуден өткен шетелдік азаматтың деректерімен сәйкес келгені анықталған.

Соңғы жаңалықтар