Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия ойындары өткізілетін басты спорттық нысанның бірі – Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайын аралап көрді.
Жаңартылған, күрделі жөндеуден өткізілген Спорт сарайы ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Мұнда спортшыларға, спортсүйер қауымға, сонымен қатар, қазақстандық Азиаданы көрсететін бұқаралық ақпарат құралдарына барлық жағдай жасалған. Қазірдің өзінде Спорт сарайында халықаралық федерациялардың күнтізбесіне кіретін үлкен жарыстар өткізіліп жүр.
Елбасы Спорт сарайына келгенде оның алдындағы үлкен электрондық таблода Азиаданың басталуына 200 күн қалғаны жарқырап жанып тұрған еді. Ал енді осы алып кешеннің аренасында тікелей қысқы ойындар кезінде, 2011 жылдың ақпанында әйелдердің хоккей командалары жарыс медальдарын сарапқа салады.
Мемлекет басшысының жанында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов және Спорт сарайының директоры Юрий Захарин еріп жүріп, түсініктемелер берді. Өйткені, Спорт сарайы бұрынғы өлшемдерінде қалды демесеңіз, бастан-аяқ жаңарып шыққан. 5 мың адамдық трибунаға қолайлы орындықтар қойылып, кең телеэкрандар, айрықша қажетті жарық кешеннің үлкен жарыс алдындағы салтанатын танытқандай. Мұнда жуырда ғана волейболдан Қазақстан Президентінің кубогы жолындағы халықаралық турнир болып өткені де қатысушы елдер туларының ілулі тұруынан танылғандай.
Елорда күнінде жаңа спорттық ғимаратты Қазақстанның, Украинаның, Иран мен Тунистің ұлттық құрамалары, Ресей мен Қытайдың жетекші клубтары алғашқы болып сынақтан өткізді. Бес күн бойғы жарыстан соң мұнда спортшыларға жасалған жағдайға бәрі де таңданыстарын жасырмады.
Спорт аренасында Елбасын турнирде алтын медальді жеңіп алған Қазақстан құрамасының волейболшы қыздары қарсы алып, Людмила Анарбаева, Сана Жарылғасова, Ирина Зайцева мен Наталья Рыкова аяқталған турнир туралы ойларымен бөлісті. Әңгіме арасында қыздардың “Нұр Отан” партиясына мүше болуға шешім қабылдағаны жайында да айтылды.
– Қысқы ойындардың өткізілуі ел үшін айрықша сынақ. Ал енді мынау Спорт сарайы, жаңарған кешен алматылықтарға шынайы тарту болып қалады, – деді Елбасы.
Қазірдің өзінде Қысқы Азия ойындарына әзірлігі 95 пайызға бағаланып отырған Спорт сарайы әлі де 10 мың шаршы метрге үлкейеді, соның нәтижесінде қосалқы ғимараттар – спорт залдары, киім шешетін орын, баспасөз орталығы, медициналық орындар, көптеген кафелер салынатын болады. Бұл жерде шорт-трекке, хоккейге, мәнерлеп сырғанауға арналған қосымша катоктар іске қосылады. Осылайша Алматыда үлкен халықаралық турнирлерді өткізуге барлық жағдай жасалады. Спорт сарайын реконструкциялаудың алғашқы кезеңіне мемлекет тарапынан бөлінген 14,5 млрд. теңге игеріліпті. Волейбол турнирінің кезінде кешеннің барлық құрылымдары мен тетіктері сынақтан өткізілген. Ендігі сынақ 24-26 шілдеде болмақ – Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында дзюдодан Әлем кубогы жолындағы жарыс өтеді.
Спорт сарайының әзірлігіне ризашылығын білдірген Елбасы мұнда Қысқы Азия ойындарының салтанатты жабылуы болатынын жеткізді.
Бақыт БАЛҒАРИНА, Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Спорт • Бүгін, 11:55
7 ақпандағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 11:43
Ақтөбе мен Атырауда ауа сапасы күрт нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:33
Ташкентте белдесетін дзюдошылардың есімі белгілі болды
Спорт • Бүгін, 11:23
DeepSeek пен ChatGPT-ді жалған нұсқалардан қалай ажыратуға болады?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:42
45 жол апаты тіркелді: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 10:32
Солтүстікке бетбұрыс: Қоныс аударушыларды қолдаудың жаңа форматы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Әлеуметтік сала: ілгерілеу мен іркілістер
Саясат • Бүгін, 10:00
Олимпиада-2026: Алғашқы жарыс күнінде кімдер өнер көрсетеді?
Спорт • Бүгін, 09:57
Мүмкіндігі шектеулі балаларға – ерекше назар
Қоғам • Бүгін, 09:50
Пікір • Бүгін, 09:40
Елдік көзқарастың қалыптасуы маңызды
Пікір • Бүгін, 09:30
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Реформа • Бүгін, 09:20