Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласының құрамасы байрақты бәсекеде робот-ойын бойынша бірінші орынға ие болып, сондай-ақ жарыстың үздік командасы атанды. Бұл – халықаралық деңгейдегі жоғары дайындық пен жүйелі еңбектің айқын нәтижесі.
Аталған чемпионатқа Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Германия, Словакия сынды елдерден барлығы 68 команда қатысты. Елордалық команда бұл додаға Астанада өткен Central Asia First Championship турнирінде жолдама алған еді.
Қазақстандық оқушы Сингапурда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде иеленді
Жарыс барысында оқушылар тек робот-ойынмен шектелмей, «artifacts.kz» атты жобасын да таныстырды. Бұл – Қазақстандағы археологиялық артефактілердің онлайн-базасын қалыптастыруға бағытталған тың бастама. Жоба аясында қатысушылар идеядан бастап зерттеу, техникалық әзірлеу және профильді институттармен байланыс орнатуға дейінгі толық процесті қамтыды.
Сарапшылар аталған жобаны технологиялық деңгейі жоғары әрі ұлттық мәдени мұраны сақтауға қосқан нақты үлесі үшін ерекше атап өтті. Бұл бастама жас буынның ғылым мен технологияны игерумен қатар, тарихи құндылықтарға деген жауапкершілігін де айқын көрсетті.
СҚО-да ІТ-орталықтар ашылды: Ауыл жастары робототехниканы меңгереді