27 Ақпан, 2015

Өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы­ның Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Украинадағы қазіргі ахуал­ды талқылап, жалпы алғанда, қақтығыс аумағында оқ атуды тоқтатуға қол жеткізілгенін атап өтті. Мемлекет басшылары Украина дағдарысын реттеу үшін 12 ақ­пандағы Минск келісімдерін орындаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері де қарастырылды. Соңында В.Путин Қазақстан, Беларусь және Ресей пре­зиденттерінің наурыз айына жоспарланған Астанадағы үшжақты кездесуіне қатысуға ниетті екенін айтты.