Жарысқа биыл 23 елден шамамен 400 спортшы қатысты. Ерлер арасында Бекзат Қазтаев, Мерей Қабдуллаев және Жігер Алматай чемпион атанса, әйелдер арасында Мәриям Урдабаева, Нұрайым Мұңайтпас және Айзер Сағаділда алтын медаль жеңіп алды.
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Айта кетейік, Париждегі бұл турнир Халықаралық джиу-джитсу федерациясының күнтізбесіндегі ең маңызды рейтингтік жарыстардың бірі саналады. Мұнда жиналған ұпайлар спортшыларға ірі халықаралық жарыстарға жол ашуға мүмкіндік береді.