Оқиға • Кеше

Ай сайын 1 млн теңге: Баян Алагөзова Мерует Өтекешоваға ерекше сый жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Продюсер Баян Алагөзова халық әртісі Меруерт Өтекешоваға өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге көлемінде төлем жасап тұратынын мәлімдеді. Бұл шешімді ол жұбайы Тұрсынғали Алагөзовпен бірге қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ай сайын 1 млн теңге: Баян Алагөзова Мерует Өтекешоваға ерекше сый жасады

Продюсер бұл қадамды актрисаның қазақ өнеріне қосқан зор үлесі мен «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған рөліне құрмет ретінде жасағанын айтты. Сонымен қатар ол актрисаға арнап байқау өткізуді жоспарлап отыр.

Баян Алагөзова өзінде сақтаулы тұрған «Қыз Жібек» фильміндегі камзол туралы да айтты. Оның сөзінше, тарихи киім қазіргі таңда қауіпсіз жерде сақтаулы және болашақта музейге тапсырылуы мүмкін.

Сондай-ақ ол елдегі аға буын өнер адамдарының еңбегі ескерусіз қалмауы керегін айтып, кәсіпкерлер мен меценаттарды танымал тұлғаларға қолдау көрсетуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар