Аймақтар • Бүгін, 15:13

Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауыты салынып жатыр. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы әрі Орталық Азиядағы жүгеріні терең өңдеп, жоғары қосылған құны бар өнім шығаратын ең ірі кешен болмақ, деп жазады Egemen.kz.

Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады

Жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға және өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған. Екі кезеңді қамтитын жобаның алғашқысында астықты қабылдау, кептіру және сақтау үшін базалық инфрақұрылым құрылды. Қазір пайдалануға берілген. Екінші кезең барысында терең өңдеу өндірістік кешенінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жылына 150 мың тоннаға дейін жүгері өңдеп, 26 түрлі өнім шығарады. Олардың қатарында тағамдық глюкоза, мальтозалы шәрбат, жүгері майы, крахмал және құрама жем бар. Өндіріс қалдықсыз цикл қағидаты бойынша ұйымдастырылып, тек ГМО-сыз табиғи шикізат қолданылады. Осыған байланысты өңірде жүгері егіс алқаптарын ұлғайту жұмыстары қолға алынған. Жаңа алқаптар Түркістан облысының Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарында игеріліп жатыр.

Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады

рр

Кәсіпорынның технологиялық жарақтандырылуы 80% деңгейінде автоматтандырылған, бұл өнім сапасын жоғары деңгейде бақылауға, өндірістік шығындарды азайтуға және тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында озық халықаралық технологиялар енгізіліп, шетелдік мамандардың тәжірибесі ескеріледі.

Зауыт өнімдері Қазақстанның ішкі нарығына, соның ішінде тағам және фармацевтика өнеркәсібіне бағытталады, сондай-ақ Азия мен Еуропа елдеріне экспортқа шығарылады. Жүгері крахмалы, шәрбаттар және басқа да өнімдер түрлі өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады, бұл кәсіпорынның экспорттық әлеуетін күшейтеді.

Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу зауыты салынады

пп

Болашақта зауыт қуатын жылына 300 мың тоннаға дейін арттыру және әлемнің 100-ден астам компаниясымен халықаралық әріптестікті тереңдету жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар