27 Ақпан, 2015

Атырауда судьялар тағайындалды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_1763АТЫРАУ. 27 ақпан. Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов Президент Жарлығымен тағайындалған судьяларды ұжымға таныстырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы лауазымына Гүлмира Бердешқызы Дәулетова қайтадан тағайындалды. Ал Атырау қалалық сотының құрамы 2 судьямен толығып отыр. Нақтылай айтқанда, қалалық соттың судьялары қатарында Марал Орынбасарқызы Саримова және Ғалия Салауатқызы Сейтжанова қызметіне кірісті. Исатай аудандық сотына Жазира Ержанқызы Мұхаметова, Қызылқоға аудандық сотына Айнұр Сайынқызы Сырғабаева, №2 Атырау қалалық сотына Гаухар Мамайқызы Ибрашева судья болып тағайындалғаны жария етілді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. IMG_1790