Министрдің айтуынша, жаңа жүйе дәрігерлерді даярлау сапасын арттыруға және олардың практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
2026 жылдан бастап оқуға түсетіндер үшін не өзгереді?
Жаңа модель бойынша оқу мерзімі 6 жыл (университетте) + 1 жыл интернатураны құрайды. Оқуды аяқтаған түлектер диплом алып, бірден екі бағыттың бірін таңдай алады:
- Дәрігер ретінде жұмысын бастау (тек емханаларда ғана емес, стационар деңгейінде де жұмыс істеуге рұқсат беріледі);
- Резидентурада оқуын жалғастыру.
Сонымен қатар жүйеге «дәрігер-интерн» мәртебесі енгізіледі. Ол студент емес, нақты жауапкершілігі мен практикалық дағдылары бар маман ретінде қарастырылады. Айта кетерлігі, бұл жүйенің алғашқы түлектері 2033 жылы шығады.
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Қазіргі студенттердің жағдайы қалай болмақ?
Министрлік қазіргі уақытта білім алып жатқан студенттер үшін оқу шарттары мен мансаптық траекторияның сақталатынын нақтылады:
- 2021 жылы оқуға түскендер бұрынғы жүйемен білім алады. 2027 жылы оқу бітірген соң емханада жұмыс істеуге немесе резидентураға түсуге құқылы.
-
2022 жылы және кейінірек (2026 жылға дейін) оқуға түскендердің оқу мерзімі – 6 жыл. Мұнда практикалық даярлық пен оқу сағаттарының көлемі арттырылған. Түлектер медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде жұмыс істей алады немесе резидентурада білімін жалғастырады.
Жаңа реформаның артықшылықтары
Ақмарал Әлназарова бұл өзгерістердің медицина саласына берер пайдасын атап өтті.
- Оқу барысында практикалық жұмыстың үлесі артады;
- Дәрігерлерді даярлау сапасы еуропалық стандарттарға жақындайды;
- Жас мамандардың еңбек жолын ертерек бастауына мүмкіндік туады;
- Клиникалық практика мен базалық білімнің ұштасуы медициналық көмектің тиімділігін арттырады.
Министрдің сөзінше, жаңа модельдің негізгі артықшылығы – болашақ дәрігерлердің кәсіби икемділігі мен практикалық дайындығының жоғары болуында.