16 Шілде, 2010

СЕНІМДІ ӨКІЛМЕН ЖҮЗДЕСТІ

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатын­да палата төрағасының орынбасары Мұхам­бет Көпеев Ұлы Социал Ха­лықтық Ливия Араб Жамахирінің сыртқы істер жөніндегі сенімді өкілі Ахмед Ад-Дибпен кездесті. Оның бары­сында Қазақстан-Ливия қаты­нас­тарын одан әрі дамыту мәселе­лері талқыланды. Төраға орын­ба­са­ры Қазақстан Ливия Жамахирімен екіжақты қатынастарды нығайтуға мүдделі екендігін атап өтіп, парла­ментаралық үнқатысуды өрістетудің маңыздылығына тоқталды. “Парламентаралық өзара іс-қимылдар бойынша байланыстарды дамыту саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтас­тық­ты нығайту жолындағы жоба­лар­ды жүзеге асыруға септігін тигізеді”, – деді вице-спикер. М.Көпеевтің пікірінше, екі ел арасында қалып­тасқан достық байланыстардың мүмкіндіктері мен болашағы өте зор. Төраға орынбасары Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының ба­сым бағыттарына тоқталып, Мем­ле­кет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың салиқалы саясатының нәтиже­сін­де біздің ел халықаралық мойын­даудың жаңа да сапалы деңгейіне жеткендігін атап өтті. Үстіміздегі жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға­лық жасауда, ал алдағы 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ететін болады. А.Ад-Диб өз кезегінде Қазақ­станның саяси жаңғырту мен эко­но­микалық даму салаларындағы же­тіс­тіктерін жоғары бағалады. “Сіз­дің еліңіз Шығыс пен Батыс­тың арасын­дағы ынтымақтастықты нығайту ісіне айтулы үлес қосып, мұ­сылман және араб әлемімен ты­ғыз байланыстар орнатуда”, – деді ливиялық дипло­мат. А.Ад-Диб, со­нымен қатар, Ливия Жамахирі екі­жақты қатынастарды мемлекетара­лық байланыстардың барлық сала­ла­ры, соның ішінде парламент­ара­лық деңгейі бойынша белсенділен­діруді қалайтындығын атап өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.