16 Шілде, 2010

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕНУГЕ ЖАҢА ТАЛАП ҚОЙЫЛАДЫ

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәдениет министрлігі Тіл комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру әдістемелік орталығында “Мемлекеттік тілді үйретудің ғылыми және әдістемелік мәселелері” деген тақырыпта ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты, мемлекеттік тілді меңгерту барысындағы олқылықтардың алдын алып, тіл үйретудің сапасын арттыруға ықпал ету. Аталмыш іс шарада Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров сөз алып, мемлекеттік тілді үйретуді жандандыруда жаңаша талап, қарымдық құлшыныс қажет. Барлық оқу құралдарын тиімді пайдаланып, оларды жетілдіру мәселесін де қолға алатын уақыт жетті. Бұл орайда әдіскер мамандардың, ең алдымен озық технологияларды қолдану арқылы үйрету үлгілерін әзірлеуге ұмтылуы тиіс, деп, ендігі жерде мемлекеттік тілге селқос қарауға болмайтынын атап өтті. Бұл басқосуға облыстық, қалалық және өңірлік тіл үйрету орталықтарының басшылары мен әдіскер-оқытушылары, ғалымдар мен тіл саласының мамандары қатысты. Олар тіл үйренуге байланысты қойылып отырған талапты ендігі жерде мүлтіксіз орындау керектігін айтып, алдағы уақытта мұны бүкіл жұртшылық болып жүзеге асыру қажет, деді. Әсіресе инновациялық тұрғыдан істі жандандыру мәселесін де қозғап, тілді деңгейлік жүйеде үйрету ісін, қазақстандық және еуропалық стандарттар негізінде қарастырды. Бір сөзбен айтқанда, ең алдымен мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру мәселесін  алға шығарып, талапты күшейту, талғамды арттыру жайына баса назар аударды. Алуа АМАНЖОЛОВА.