18 Тамыз, 2015

«Эйр Астана» – ЭКСПО-2017-нің ресми әуе тасымалдаушысы

314 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
100-851Кеше «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен «Эйр Астана» АҚ өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасасты. Осы меморандум аясында «Эйр Астана» компаниясының әуе кемелері ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми әуе тасымалдаушысы» деген эксклюзивті мәртебеге ие болды. Меморандумға қол қою рә­сі­міне арналған салтанатты отырысты «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ашып, жиналғандарды екі компания арасындағы ынты­мақтастық байланыстың одан әрі нығаюымен құттықтады. «Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» компания­сына еліміздегі барлық ұлттық компаниялармен тығыз байла­ныста жұмыс істеуі туралы кешенді міндет қойды. Осыған байланысты біз барлық ұлттық компаниялармен ортақ мақсат жолында тығыз ынтымақтастық байланысқа шықтық. «Эйр Астана» Қазақстандағы ең ірі әуе тасымалдаушысы болып табылады. Бүгінгі меморандум – біздің бұл компаниямен ынтымақтастық аясында жасаған алғашқы шарамыз. Әуе компаниясының көмегімен біз ЭКСПО-2017 сынды ірі ұлттық жобаны бүкіл әлемде ілгерілетуге мүмкіндік аламыз», – деді Ахметжан Есімов өзінің кіріспе сөзінде. эйр астана «Біз «Эйр Астана» ұша­қ­тары­ның борттарында «ЭКСПО-2017» логотипін орналасты­­рып, әуе компаниясының басшы­­лығы­мен халықаралық көрмені наси­хаттауға арналған бірлескен ­жоспарымызды әзірледік. Екі компания арасындағы бұл ынты­мақтастық Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің халық­аралық сахнадағы имиджіне жемісті ықпал етеді. Сонымен бірге, осы ынтымақтастық аясында «Эйр Астана» компаниясының әуе кемелерімен Қазақстанға келген тұлғаларға және әуе ком­паниясының транзиттік жолаушыларына 2017 жылғы көрмеге тегін билеттер ұсынылатын болады», – деп атап көрсетті өз сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасы. Өз кезегінде «Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-пен жасалып отырған бұл ынтымақтастық меморандумы әуе тасымалдаушысының халық­аралық алаңда беделінің артуына ықпал ететіндігін атап көрсетті. «Алдағы ЭКСПО-2017 көрмесінің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы» болғандықтан, энергетика саласындағы инновациялық шешімдерге және бұл жобалардың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне басты назар аударылатын болады. Біздің компанияда қоршаған ортаны барынша қорғауға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануда. Дәл осы себепті біз жақында Парижде өткен көрмеде NEO тобына жататын Airbus А320 ұшағын сатып алуға ниетті екенімізді мәлімдедік. Бұл ұшақтардың қозғалтқышы ауаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін 15 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Біздің компаниямызда NEO лайнерлерін енгізу 2016 жылы басталады. Жаһандық ауқымда ерекше маңызды оқиғалардың бірі ретін­дегі ЭКСПО-2017 көр­ме­сіне дайын­дық қызу қар­қын­мен ­жүр­­­­гізілуде. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін қонақ­тарға «Эйр Астана» әуе қақпасы­ның айқара ашылар сәтін асыға күтудеміз», – деді Питер Фостер. Салтанатты рәсімде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық ком­па­ниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостер екі компания арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Осы меморандум аясында expo2017astana.com веб-сайтында  автоматтандырылған брондау жүйе­сін енгізу және екі компания бірлесіп PR-науқанды өткізу мәселелерін белгілеу жоспарланып отыр. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».