АСТАНА. 27 ақпан. Шығыс Қазақстан өңірінің басшысы Даниал Ахметовтің бұйрығымен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Елдос Чикенов тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Е.Чикенов 1981 жылы Өскемен қаласында туған. Ол 2005 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы – «Дене шынықтыру және спорт, дене шынықтыру бойынша педагог, бокс жаттықтырушысы». 2010 жылы осы университетте «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған. 2004-2005 жылдар аралығында «Қазақмыс» корпорациясы», «ШығысҚазмыс» ЖШС-де түрлі қызметтерді атқарған. 2005 жылдан бастап денешынықтыру және спорт жүйесінде жұмыс істеуде. 2008 жылға дейін Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында жетекші маман болып жұмыс істеген. 2008-2010 жылдары аралығында Туризм және спорт министрлігінің олимпиадалық спорт түрлері комитеті басқармасында сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарған.
2010 жылдан бастап 2011 жылдың наурыз айына дейін «2011 жылғы VII қысқы Азиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-да жарыстарды өткізу департаментінде директордың орынбасары болып қызмет етті. 2011-2013 жылдары аралығында Туризм және спорт министрлігі спорт комитетіндегі штаттық ұлттық командалар мен спорттық қор дирекциясында түрлі қызметтерде болған.
Ал 2013 жылдан бастап Спорт істері және дене шынықтыру агенттігінің бұқаралық спортты дамыту басқармасында жұмыс істеген. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Мәдениет және спорт министрлігінің спорт істері және дене шынықтыру комитетіжазғы спорт түрлері басқармасының басшысы болып келді.
Жолдыбай Базар.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: inmsk.ru.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55