Медицина • Бүгін, 11:12

1 қыркүйектен бастап балалардың профилактикалық тексеруі түбегейлі өзгереді

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын жаңғырту аясында балалардың профилактикалық медициналық тексерулерін жаңа форматта өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 қыркүйектен бастап балалардың профилактикалық тексеруі түбегейлі өзгереді

Фото: Ашық дереккөз

Министрліктің мәліметінше, қазіргі таңда мектеп оқушыларын профилактикалық тексеру жүйесінде басты назар балалардың денсаулығын жан-жақты тексеруден гөрі, статистикалық көрсеткіштерге көбірек аударылып келген. Соның салдарынан көптеген ауру белгілері дер кезінде анықталмай отыр.

Ауырмайтын жол ізде: Профилактикалық мәдениет қалыптасып келе ме?

Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың айтуынша, бейінді мамандардың тапшылығы мен жұмыс жүктемесінің тығыздығы бір баланы тексеру уақытының кемуіне және диагностиканың сапасыздығына әкеп соғады.

«Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін және мүгедектігі бар балаларды есепке алудың жеткіліксіздігі де өзекті мәселе болып қалып отыр», деді ол.

Жаңа жүйе аясында мектептер цифрлық электрокардиографтармен, пульсоксиметрлермен, бой мен салмақ өлшейтін құрылғылармен, отоскоптармен және телемедициналық кешендермен жабдықталады. Барлық мәлімет автоматты түрде ақпараттық жүйелерге жіберіліп отырады. Алдағы уақытта білім беру ұйымдарын интраоральды камералармен, плантографтармен және авторефрактометрлермен қосымша жарақтандыру көзделген.

Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бала денсаулығына қатысты барлық мәліметтер «Баланың электрондық денсаулық паспортында» жүйелі түрде жинақталуы тиіс екенін айтты.

«Балалардың денсаулығына қатысты деректер жүйелі түрде жинақталып, өмір бойы сүйемелденуі тиіс. Бұл ауруларды ерте анықтап, медициналық бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», деді министр.

Министрліктің хабарлауынша, жаңартылған форматты еліміздің барлық мектебінде кезең-кезеңімен енгізу 2026 жылғы 1 қыркүйектен басталады.

Асылжан ҚҰРМАНҒАЛИ

Соңғы жаңалықтар