14 Мамыр, 2015

Астраханда «Каспий – достық теңізі» атты әдеби форум өтеді

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14.05.2015-ForumАЛМАТЫ. 14 мамыр. Осы жылдың 19-20 мамыр күндері Ресейдің Астрахан қаласында Каспий теңізін жағалай қоныс тепкен мемлекеттердің әдебиет майталмандары бас қосады. Оған Қазақстан мен Әзірбайжанның, Иран мен Түркменстанның және Ресейдің – чешен-инғұш, татар-башқұрт, қалмақ және дағыстан халқының ақын-жазушылары қатысады. Бұл туралы edil-zhaiyk.kz хабарлады. «Литературная газета» мен «Дружба Народов, «Художественная литература» секілді ресейлік атақты басылымдардың ұйымдастырумен өткізіліп жатқан жиында бірқатар қаламгерлерге Василий Кириллович Тредиаковский атындағы халықаралық сыйлық табыс етіледі. Әдеби жиын қрасаңында 100-ден астам үміткер әзірбайжанның Самед Вургун мен қазақтың Абайының, татар ұлтының Ғабдолла Тоқай мен авар халқының Магомед Ахмедті секілді ақын-жазушыларының шығармаларын тәржімалау ісімен айналысқан. Айта кетейік, форум барысында үміткерлердің еңбектері бағаланып, үздік шыққандарға арнайы сыйлық беріледі. Ал форум жұмысы «Көркем аударма – ұлтаралық қатынастарды нығайту құралы» атты ғылыми-шығармашылық конференциямен қортындыланады. Талғат Сүйінбай. Дерек: edil-zhaiyk.kz. Сурет: berlek-nkp.com.