Спорт • Бүгін, 17:19

Жамбылдықтар көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласында көкпардан ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы қарсылас шақ келтірмей, ел біріншілігінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылдықтар көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды

Тоғыз күнге созылған ел чемпионатында еліміздің барлық өңірінен келген 19 команда бақ сынап, мықтыны анықтады.

Жамбыл облысының намысын қорғаған «Әулиеата» ұжымы жарыстың алғашқы күнінен-ақ жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.

Жаңа форматтағы Наурыз мерекесі: Робот-көкпар ел тұрғындарын таңғалдырды

Жартылай финалда Алматы облысының құрамасымен кездескен жамбылдықтар 2:1 есебімен қиын жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде «Әулиеата» мен Шымкент қаласының командасы түйісті. Тартысты өтеді деп күтілген ойында Жамбыл спортшылары ерекше шеберлік танытып, Шымкент құрамасын 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Осы жеңісінің арқасында «Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстан Республикасының 16 дүркін чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар