фото: t.me/nauryznama
Әдеттегі ұлттық ойындар да жаңаша сипат алып, «Robot күресі» және «робот-көкпар» сияқты робототехника турнирлеріне ұласты. Қала көшелерінде видеоаватарлар мен LED-туннельдер орнатылып, мерекелік атмосфера заманауи технологиялармен толықтырылды.
Кейбір орындарда ұлттық тағамдарды жеткізу дрондарға сеніп тапсырылды. Сонымен қатар, мерекелік бағдарлама аясында хакатондар, Baursaq Pitch стартап-жобаларын таныстыру алаңдары және жастарға арналған жасанды интеллект бойынша білім беру интенсивтері өтті.
Елорда театрының Наурыздағы балаларға базарлығы
Осылайша, Наурыз мерекесі биыл тек дәстүрлі емес, үлкен технологиялық фестивальге айналып, көпшілікті ерекше форматымен таңғалдырды.