АСТАНА. 27 ақпан. Қызылорда облысы Қазалы ауданында мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру туралы әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы болып өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Басқосуға білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрайымы Райкүл Байназарова, облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова, облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, мекеме және дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Көтерілген мәселе жөнінде баяндама жасаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Мақашов өткен жылы аудан бойынша 1-10 сынып аралығындағы 13 220 оқушының 3 729-ы, яғни, 28,3 пайызы жазғы демалыспен және 9 387 бала (71%) жұмыспен қамтылғандығын жеткізді. Нақты айтсақ, аула клубтарында 2 710 бала, көркейту, көгалдандыру және құрылыс жасақтарына 3 966 бала, ата-анасымен саяхатқа 2 711 бала, барлығы 9 387 бала тартылған.
Жалпы, ауданда мектеп оқушыларының демалысын қамтамасыз ету мақсатында «Шағала» балаларды сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Өткен жылы орталықта 560 бала, мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерінде 2 535 бала жазғы демалыспен қамтылған. Сондай-ақ, демалыс орталығында әр ауысымда медициналық бақылау жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Осы жылы аудан бойынша 1-10 сынып аралығындағы 13286 оқушының 30 пайызын (3965 бала) жазғы демалыспен, қалғанын (9252 бала) жұмыспен қамту жоспарлануда. Одан бөлек, жылдағы дәстүр бойынша 560 балаға лагерде демалуға жолдама беру көзделуде. Онда тұрақты түрде 13 үйірме жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап «Шағала» лагерінде балаларды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу қолға алынбақ. Сол мақсатта киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар үйірмесін ашу жоспарлануда. Жазда балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауданда 30 әмбебап жасанды жасыл алаң, 2 стадион, 2 спорт кешені жұмыс істейді. Онда 27 спорт нұсқаушысы спорттық шараларды ұйымдастырады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10