16 Шілде, 2010

ТӘН ТАЗАЛЫҒЫ – ЖАН ТАЗАЛЫҒЫ

2049 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Осы күндері футболдан республикалық Ұлан 0112 әскери бөлімінің чемпионаты өтуде. Оған әскери бөлімшелер мен ұлт­тық Ұлан қолбасшысынан бастап орталық аппарат қызметкерлері түгел қатысуда. Республикалық Ұлан – Қазақстан Рес­пуб­ликасының  Президентіне тікелей бағы­натын және есеп беретін, қауіпсіздікті қам­тамасыз етуші күштерге жататын, нысан­дардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс- шараларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. Оның әскери  қызметшілері құрылымның жоғарғы мәртебесіне сай болуға, Президент – Жоғарғы Бас Қолбасшы қойған маңызды тапсырмаларды сапалы орындауға міндетті. Олардың бойларына сіңген жауынгерлік қасиеттері мен ерекше патриоттық сезімі ерекшеленіп тұрады. Республикалық Ұланның командирлері элитарлық құрылымның жоғарғы мәртебесіне сай болу үшін барлық күш-жігерін салады. Төтенше жағдай режімі кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әрекет етуге деген жоғары жауынгерлік және шұғыл қызметтік әзірліктің кепілі. Онда атқыштар, мергендер, бронетранспортер жүргізушілері мен көздеушілер, зениттік құрылғы топтары және басқа да көптеген әскери мамандық иелері бар және олардың командирлері жауынгерлік әзірлік саласында жан-жақты шыңдалғандар. Міне, осылардың бәрін қуатты да күшті ететін – спорт. Чемпионатқа қатысушы әскери қызметшілер алдында сөз сөйлеген  ұлттық Ұлан қолбасшысы генерал-лейтенат Абай Тасболатов: “Жан тазалығы – ақыл-ойдың кепілі”, деген Абай атамыздың сөздерінен бас­тап, жан тазалығы болмаса тән, ар таза­лығы да болмайтындығын айта келе, нағыз ұландықтар үшін спорт ең бірінші қару екендігін, сондықтан да әскери қызмет­ші­лердің  саламатты өмір салтын жадынан шығармай үнемі шыңдалу керектігін айтты. Әсия ОРМАНОВА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті.