ҚОСТАНАЙ. 27 ақпан. «Агротехмаш» ірі ауыл шаруашылығы зауытының ұжымы кезектен тыс сайлау өткізуді қолдап, жиналыс өткізді. Жиын барысында зауыт қызметкерлері Елбасыға өз кандидатурасын ұсынуды өтініп, үндеу жолдады. Бұл туралы alau.kz хабарлады.
«Агротехмаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еліміздегі ауыл шаруашылығы техникаларын жасау кәсіпорны. Одан бөлек, облыс өңіріндегі бірден бір ескі зауыт болып саналады. Оның іргетасы 1942 жылы қаланды. Бүгінде зауытта 400-ден аса қызметкер еңбек етеді. Өндіріс орнында әртүрлі өнімдердің 500 түрі дайындалады. Осының барлығы еңбек ұжымының маңдай терімен және мемлекет қолдауымен мүмкін болып отыр. Сондықтан зауыт ұжымы елімізде кезектен тыс өтетін Президент сайлауын қолдайды.
«Біздің лайықты көшбасшымыз бар, тыныш, бейбіт өмір сүреміз. Күнделікті жұмысымыз бар, еңбекақымызды аламыз. Осының барлығы үшін біз Елбасымызға қарыздармыз. Өз елімізге лайықты Көшбасшыны таңдау үшін сайлауға барамыз», – дейді зауыт жұмысшысы А.Варапаева.
Аталған мекеменің ұжымы Елбасының атына хат жазып, алдағы сайлауға қатысу үшін өз кандидатурасын ұсынуды сұрады. Бұл жөнінде зауыт директоры В.Куц: «Біз «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасын қолдайтынымызды мәлімдейміз. Сондай-ақ, кезектен тыс сайлаудың өтуін қолдай отырып, біз өз таңдауымызды жасадық. Соған байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтан өзінің кандидатурасын ұсынуды өтінеміз», деді.
Нәзира Жәрімбетова
Дерек, сурет: alau.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55