Қарағанды облысындағы Пришахтинск елді мекенінде тұратын Сұлтанбек есімді бозбала құдықтың түбінде жатқан бір қап снарядты тауып алды.
Не істерін білмеген жас жігіт оны суретке түсіріп, ғаламторға салған. «Мұндай жағдайда не істеу керек?», – деп жерлестерінен ақыл-кеңес сұраған түрі ғой.
Ол ол ма, бұдан кейін Сұлтанбек құдықтың ішіндегі әлгі снарядтарды сыртқа шығарып, үйіне алып келген. Анасы ұрсып, алған жеріңе апарып таста деген соң, снарядтарды үйдің жанына қоя салыпты. Түні бойы сол жерде жатқан жойқын оқтың екеуін белгісіз біреулер ұрлап та кетіпті.
Ғаламторға суреттер жарқ етіп жарияланысымен құтқарушылар мен өрт сөндірушілер және полиция қызметкерлері Рудничная көшесіне жедел жетіп, Сұлтанбектің үйінің маңын тірі жан өтпестей қоршап тастаған. Содан, саперлер келіп, зеңбіректің оғын зиян келтірмейтіндей еткеннен кейін ғана көше күнделікті кейпіне енеді.
Шынында да, қап ішіндегі бес снарядтың кез келген уақытта жарылып кетуі ғажап емес еді...
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше