Оқиға • Бүгін, 15:09

Бестөбедегі шахтада тау жынысы опырылып, екі азамат қаза тапты

1 мин
оқу үшін

Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында тау жынысы опырылып, салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады Egemen.kz.

Бестөбедегі шахтада тау жынысы опырылып, екі азамат қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған апат салдарынан 38 және 21 жастағы екі ер адам қаза болған.

Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты

Қылмыстық кодекстің 269-1-бабының 3-бөлігі – «Күзетілетін нысанға заңсыз кіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады полиция өкілдері.

Осыдан бір ай бұрын Павлодарда да жер опырылып, екі жұмысшы мерт болды.

Соңғы жаңалықтар