Фото: Pixabay.com
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға тау жынысының опырылуы салдарынан болып, нәтижесінде бір қызметкер қаза болған.
Екінші жұмысшы жарақат алған. Қазіргі уақытта зардап шеккен қызметкерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.
Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті
Компания мәліметінше оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жан-жақты тергеу басталды. Өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша да тексеру жүргізіліп жатыр. Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук оқиға орнына жол тартқан.
Қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдау көрсетілетіні айтылды. Сондай-ақ зардап шеккен жұмысшыға да жан-жақты көмек ұйымдастырылып жатыр.