Ұлтаралық татулық – әлемді бейбітшілік бесігінде тербеп тұрушы бірден-бір маңызды фактор. «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» демекші, бәрін тең көру керек, ол үшін әрбір елдегі өзге ұлт өкілдерінің Отанға деген сүйіспеншілігі басым болуы тиіс.
Біздің ауданымызда да ел қатарлы өмір сүріп, ұрпақтарын өрбітіп, ортасына сыйлы да қадірлі болып жүрген өзге ұлт өкілдері жетерлік. Солардың ішінде халықтың жылы ықыласына бөленіп, қазіргі күнде зейнет жасына келген татар қызы Бибинұр Темірболатова, поляк қызы Райса Советская және қазақ қызы Роза Жетпісқызының жөні бір басқа. Себебі, бұлардың екеуі өзге ұлт өкілдері бола тұра, қазақтың Аманғалиевтер отбасына келін болып түскендері.
Бибинұр Хұсайынқызы Жалпақтал ауылында дүниеге келеді. Жалпақтал орта мектебінде білім алады. Әпкесі Майра Талдықұдық ауылына медбике болып ауысуына байланысты Бибинұр апамыз отбасымен қоныс аударады. Бибинұр әжей Орал қаласында 10 айлық тігін училищесін бітіріп, елге келіп тігіншілікпен шұғылданады. Сонымен қатар, құрылыс саласында майлаушы, сылақшы қызметтерін де атқарған. 1962 жылы қазақ ұлтының жігіті Ермек Аманғалиевпен отбасын құрып, сегіз баланы дүниеге әкеледі.
Ал поляк қызы Райса Петровна болса, 1949 жылы Украинаның Винница облысындағы, Турбовский ауданына қарасты Куровка селосында дүниеге келеді. Кеңес өкіметінің Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Райса әженің отбасы да Қазақстанға қоныс аударып, Талдықұдық ауылына көшіп келеді. Осы жерде білім алады. Мектепті тәмамдаған соң ауылда түрлі салада еңбек етеді. 1967 жылы механизатор Мұстафа Аманғалиевке тұрмысқа шығып, 9 баланы дүниеге әкеледі. Мұстафа ағамыз өмірден ерте өтеді де, өрімдей балаларын өзі тәрбиелеп ер жеткізеді.
Сонымен қатар, Мұзафар Аманғалиев ағаның зайыбы Роза Жетпісова апайымыз Жаңақала ауданында дүниеге келген. Есепші болып қызмет етеді. Мұзафар аға екеуі 4 бала тәрбиелеп өсірген.
Жергілікті жұртпен біте қайнасып кеткен олардың жүздері басқа болғанымен, жүрегі бір. Ал еліміздегі бірлік, татулық, келісімнің баянды болуын тілейтін аналардың тілі де бір болып кеткендей. Олар қазақ тілін – ұлт пен ұлысты біріктіруші, ұйыстырушы, түсіндіруші, бір-бірімен ұғыстырушы құралға айналған мемлекеттің ең басты тетігі деп санайды.
Бибинұр апамызбен тілдескенде: «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды» деген ұлағатты ұғым бар. Маған елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы артып, Қазақстанымыздың нығайып, өркендеуінен асқан бақыт жоқ. Біз кіндік қанымыз тамған жерде тұрамыз және осында өмір сүріп, өсіп-өнеміз, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді және тілімізді ұстанамыз. Қазақ жерін мекен еткен ұлттардың бәріне осындай мүмкіндік берілген. Осы үшін қазақ халқына, Елбасымызға мың алғыс айтамыз», – деп ағынан жарылды.
Сонымен қатар, Райса Петровна да былай дейді ағынан жарыла: «Мақсатымыз – ортақ, мұратымыз – бір, сондықтан келешегіміздің кемелденуіне кепіл болатын татулық пен достықтың діңгегін биіктету баршамыздың парызымыз. Өйткені, біз расында көпұлтты мемлекетте, оның ішінде өз шаңырағымызда бірнеше ұлттың адамдарымен бірге тұрамыз. Осы себепті, елдің ауызбіршілігі мен татулығын барлығынан жоғары қоямыз. Қазақ халқымен құда болғанымызға да бірнеше жыл болды. Олар құдасын құдайындай құрметтейді. Бұл өңірде жергілікті ұлт қазақ болғандықтан, үйде қазақша сөйлеп, ұлттық дәстүрді ұстанамыз. Той-жиындарға, мәдени шаралар мен концерттерге бірге барамыз. Апта сайын дастарқан басында кездесіп, әңгіме-дүкен құрамыз».
Талдықұдық ауылында бір шаңырақ астында бас қосқан түрлі ұлт өкілдері осылайша бақытты өмір сүруде. Олармен дидарласып, әңгімелесу барысында әрқайсысының жүрегі қазақ, елім, жерім деп соғатынын байқадық. Бұл – біздің Тәуелсіздікпен бірге жеткен сыйымыз. Ендігі уақытта бұл құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жалғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Гауһар ӘДІЛЖАНҚЫЗЫ.
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы.

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11