- Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары оның Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін екі күнтізбелік күннің ішінде берілетін болып белгіленсін.
- Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын қолдардың растығын аумақтық сайлау комиссияларының тексеру мерзімі оннан бес күнтізбелік күнге дейін қысқартылсын.
- Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше