28 Ақпан, 2015

Заң жобасы қаралды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донақовтың төраға­лығымен Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті. Отырыста Қазақстан Республи­ка­сы Әділет министрлігі дайындаған «Қа­зақ­стан Республикасын­дағы сот-сараптама қызметі туралы» заңының жобасы қаралды. Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар заңнаманы әрі қарай же­тіл­діру барысында ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі