28 Наурыз, 2015

Қоғамдық келісімнің озық үлгісі

348 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын мәртебелі атап өту шарасына орай «Ұлтаралық толеранттылық пен қоғам­дық келісімнің қазақстандық үлгісі: жетістіктер мен жасампаздықтың 20 жылы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. ассамблея2Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан Респуб­ликасы Президенті жанын­дағы «Қоғамдық келісім» респуб­ликалық мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан халқы Ассам­блеясының Алматы қаласын­дағы сарапшылық тобы бірле­сіп ұйымдастырған бұл конфе­ренцияға АҚШ, Германия, Чехия және Ресей сарапшылары, Пар­ламент Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдері, жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары қатысты. Конференцияның пленарлық отырысында Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың аталған шараға қатысушыларды құттықтаған жеделхатын оқып берді. Ұйымдастырушылар атынан Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, профессор Уәлихан Қалижанов кіріспе сөз сөйлеп, Германиядағы Билефельд университетінің профессоры Маркус Кайзер, Чех университетінің профессоры Цивин Любомир, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Әбдімәлік Нысанбаев секілді конференция қонақтары Қазақстандағы этносаралық толеранттылықтың жарқын үлгісі мен оның әлемдік саясатқа қосар зор үлесі турасында баяндама жасады. Отырысты Білім және ғылым министрлігі Ғылым комите­тінің Философия, саясаттану жә­не дінтану институтының ди­рек­­торы, профессор Заре­ма Шәукенова жүргізіп отыр­ды. Келелі кеңес аясында «Муль­ти­­куль­турализм теориясы мен тә­­жі­рибесі: этносаралық және кон­­фессияаралық сұхбат мәсе­лесі» деген тақырыппен дөңге­лек үстел ұйымдастырылып, Қазақ­­стан халқы Ассамблеясы Ғылы­ми-сарапшылық кеңесі мүше­лері бірлесіп 3 тілде жарық­қа шы­ғарған «Қазақстан халқы Ассам­блеясы: 20 жылдық тарих» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының басты жетістіктерінің бірі елдегі әлеуметтік-эконо­микалық және саяси реформаларды жүзеге асырудың маңызды шартына айналған Нұрсұлтан Назарбаевтың этносаралық толе­ранттылық пен қоғамдық келі­сімнің қазақстандық үлгісінің қалып­тасуы талқыланған ғылы­ми-тәжірибелік кон­ферен­ция­ның қарары қабылданып, онда Білім және ғылым минис­тр­лігіне, Мәдениет және спорт ми­нис­трлігіне, сондай-ақ, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының аймақ­тар­дағы хатшылықтарына ұсыныс жасалды. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ. Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.