Фото: .istockphoto.com
Қанды қақтығыс джунгли аумағында болған. Мәліметке сәйкес, өңірдегі кокаин өндірісі мен контрабанда жолдарын бақылауға таласқан екі қылмыстық топ қарулы шайқасқа түскен.
Колумбияның қорғаныс министрі Педро Санчес аталған ауданда әскери іс-қимылдардың болғанын растады. Оның айтуынша, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аймаққа қосымша әскери күштер жіберілген.
Айта кетейік, биыл сәуір айында қақтығысушы топтардың бірі – Колумбияның революциялық қарулы күштері құрамынан шыққан қарулы жасақ мүшелері елдің оңтүстік-батысындағы тасжолда теракт ұйымдастырған болатын.
Топ жетекшісі Иван Мордиско басқарған шабуыл кезінде жарылыс болып, 14 адам қаза тауып, тағы 38 адам жараланған. Зардап шеккендердің арасында балалар да болған.
Колумбия билігі өңірдегі жағдайды бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.