Технология • Бүгін, 10:30

Қылмыстық істерді тергеу процесіне жасанды интеллект енгізіледі

2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде Құқық қорғау саласындағы цифрлық құралдарды дамыту жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыстық істерді тергеу процесіне жасанды интеллект енгізіледі

Фото: gov.kz (архив)

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті базасында құрылған Қылмыстық қауіптерді болжау орталығы үлкен деректерді, ведомствоаралық ақпарат алмасуды және жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы сыртқы және ішкі қауіптердің алдын алу жөніндегі ұсынымдар қамтылған 192 ақпараттық хатты мемлекеттік органдарға жолдаған.

Бас прокуратураның мәліметінше, 38 алаяқтық интернет-ресурс бұғатталды. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа алаяқтықтың жаңа тәсілдері мен сақтық шаралары жөнінде тұрақты түрде ақпарат беріліп келеді – азаматтарға арналған 16 ескерту жарияланды.

Орталық енгізген шешімдердің қатарында медиакеңістік пен интернет-алаяқтықтарды мониторингтеу жүйелері, «e-Өтініш» жүйесіндегі азаматтардың өтініштерін талдау, сондай-ақ көшедегі және қайталама қылмыстылықты болжау модельдері бар.

1414-тен хабарлама: Бас прокуратура алаяқтарға алданып қалмау жолын айтты

Сонымен қатар Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп қылмыстық істерді тергеу процесіне жасанды интеллект (ЖИ) енгізу жобасын іске асырып жатыр.

Қанатқақты жоба Астана қаласы мен Ақмола облысының бірқатар полиция бөлімшелерінде жүзеге асырылып жатыр. Жоба шеңберінде тергеуді жоспарлау, жауаптарды транскрипциялау және талдау, сондай-ақ үдерістік құжаттарды автоматты түрде қалыптастыру модульдері енгізілді.

Жалпы, «Цифрлық көмекші» модульдері арқылы 231 тергеу жоспары, 72 жауап алу хаттамасы, 65 айыптау актісі және қылмысты саралау туралы 15 қаулы қалыптастырылған.

SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады

Бас прокуратура «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және тиімді «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру мақсатында цифрлық шешімдерді дамыту жұмысын жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар