Оқиға • Бүгін, 15:33

Рудныйда сот орындаушысына пышақ сілтеген ер адам өмір бойына сотталуы мүмкін

1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Рудный қаласында сот орындаушысына пышақ сілтеген тұрғынға қатысты сот процесі басталды. Тергеу мәліметінше, ер адам 15 жыл бойы алимент төлеуден жалтарып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рудныйда сот орындаушысына пышақ сілтеген ер адам өмір бойына сотталуы мүмкін

Фото: istockphoto.com

Ақпан айында болған оқиғаға сот орындаушысы Жансұлу Хамзина мен борышкер арасында ұзаққа созылған дау-дамай себеп болған. Өткен жылдың соңында сот орындаушысы алимент қарызы үшін ер адамды әкімшілік қамауға алдыртып, 2026 жылдың басында оған мүлкін пайдалануға шектеу қойған.

Ашуға булыққан борышкер сот орындаушысын жұмыстан кейін аңдып, ізіне түскен. Көлік салонына кіріп, өзін жеткізіп салуды талап еткен ол қарсылыққа тап болған соң керамикалық пышақпен әйелдің бетін бірнеше рет тіліп тастаған. Зардап шеккен әйел көліктен шығып үлгеріп, жақын маңдағы дүкенге барып полиция шақырған.

Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті

Тергеу органдары оның әрекетін сот орындаушысының өміріне қол сұғу бабы бойынша саралаған. Егер кінәсі дәлелденсе, айыпталушы 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына сотталуы мүмкін. Іс алқабилердің қатысуымен қаралады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында дүкен ішінде әйел адам сатушыға пышақ ала жүгіргенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар