28 Ақпан, 2015

Атырауда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл семинары өтті

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_7057АТЫРАУ. 27 ақпан. Атырауда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалында «Стоп қылмыс!» партиялық жоба шеңберінде облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлеріне семинар өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Семинардың күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы» және «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясының» мақсаттары мен міндеттері туралы мәселелер қаралды. Департаменттің талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерді анықтау бөлімінің консультанты Любовь Даулетова семинарға қатысушыларға мемлекеттік мекемелердің алдына қойылған міндеттерін таныстырды. Қоғам санасына сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру арқылы аталған міндетті жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің қызметіне ерекше көңіл аударылды. Сонымен қатар, семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсетудегі маңызды мәселелер мен оны шешу жолдары талқыланды. Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері жария етілді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек,сурет: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті. IMG_7056