Кеше Әбілғазы Құсайынов Алматыда бірқатар кәсіпорын жұмысшыларымен кездесулер өткізді. Алғашқы кезесу «ОБИС» Компания» ЖШС-інде өтті. Онда Ә.Құсайынов экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесін көтерді.
«Бүгінде ғаламшарды айналған озон қабатының бұзылуы, әлем мұхиттарындағы судың ластануы, жердің ластануы, топырақтың құнарсыздануы, биологиялық тіршіліктің азуы және т.б. мәселелер өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта экология биологияның шеңберінен шығып, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін пәнаралық ғылымға айналды», деді кездесудегі сөзінде президенттікке кандидат.
Содан кейін ол экология «адам – табиғат» проблемасын зерттеуде күрделі әрі ұзақ жолдан өткенін атап көрсетті. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі бар екеніне назар аударды. «Адамға сана берілді, сол арқылы ол табиғатта алатын орнын айқындап, Жер жүзінде өз жаратылысының мәнін түсінуге мүмкіндік алды. Қазірде экологияны «адамзаттың жеке үйі» – биосфера туралы, оның ерекшеліктері, адаммен қарым-қатынасы және байланысы, ал адамның жалпы қоғаммен байланысы туралы ғылым деп те атап жүр», деді Ә.Құсайынов.
Президенттікке кандидат экология биология шеңберіндегі дербессіз пәннен кешенді пәнаралық ғылымға – айқын дүниетанымдық мазмұны бар заманауи экологияға айналғанын да атап өтті. Бүгінгі күні экология тірі организмдердің қоршаған ортамен байланысы туралы биологиялық ғылым деген бастапқы түсінігінен алшақ бірнеше ғылыми салаларға және пәндерге бөлінетінін көлденең тарта келіп, Ә.Құсайынов сөзін төмендегіше түйіндеді:
– Қазіргі заманғы экология тек биологияның ғана емес, жалпы, жаратылыстану ғылымдарының шеңберінен дараланып шықты. Заманауи экологияның идеялары мен қағидалары дүниетанымдық мазмұнға ие, соның негізінде экология адамзат және мәдениет туралы ғылымдармен ғана емес, сондай-ақ, философиямен де тығыз байланыста. Жүз жылдан астам тарихы бар ғылымның осыншалықты өзгеріске ұшырауына қарап, заманауи экология серпінді дамушы ғылым деген қорытынды жасауға болады, – деді Ә.Құсайынов.
Жалпы алғанда, Ә.Құсайынов пен жұмысшылар арасындағы кездесу мазмұнды әрі қызықты өтті.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

«Анна Каренина» хореодрама тілінде сахналанады
Мәдениет • Бүгін, 16:18
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жоспары бекітілді
Есірткі • Бүгін, 15:51
Астанада әлеуметтік саланы кешенді дамытудың басымдықтары талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:39
Жапониядағы жаппай жол апаты: 56 көлік соқтығысып, өрт шықты
Әлем • Бүгін, 15:18
Астанада сауда орталықтарынан парфюмерия ұрлап келген күдікті ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:59
Малайзиядағы ең ірі жемқорлық жанжалы: экс-премьер 15 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:43
Атырау облысында сталкинг бабы бойынша алғашқы үкім шықты
Заң • Бүгін, 14:30
Бадминтоншы Дмитрий Панарин Даккада дара шықты
Спорт • Бүгін, 14:09
Қарағанды облысында жолда қалып қойған 32 жолаушы құтқарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:53
Елена Рыбакина Швентектен ұтылды
Спорт • Бүгін, 13:30
Докторантураға түсу талаптары жеңілдеді
Ғылым • Бүгін, 13:12
Оралда науқас баласына алимент төлемеген ер адамның қарызы 9 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 13:02
Зеленский мен Трамптың кездесуі 28 желтоқсанда өтеді
Әлем • Бүгін, 12:43
225 азамат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды
Ғылым • Бүгін, 12:23
Ресейде Ақтау маңында құлаған AZAL ұшағына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:07