28 Наурыз, 2015

Индонезиялық делегация өкілдерімен кездесті

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-03-15-parlament01Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төра­ға­сының орынбасары Сергей Дьяченко Индо­­незия Респуб­ликасы Өкілдер палатасы Төра­ғасының орынбасары Фахри Хам­за бастаған парламенттік делегация өкіл­дері­мен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Тараптардың атап өткеніндей, ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Сусило Юдойононың мем­лекеттік сапарлары екі ел ынтымақтастығының тереңдей түсуіне тың серпін берді. Қазіргі уақытта қос мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл барлық салада табысты дамып келеді. Қазақстан Индонезияны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы саяси және экономикалық әлеуетке ие алдыңғы қатарлы ел ретінде таниды. Вице-спикер сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, саяси салалардағы ортақ жетістіктерді алға тартып, қауіпсіздік пен тұрақтылық бағытындағы маңызды бастамаларды сөз етті. Өз кезегінде Өкілдер палатасының Вице-спикері Фахри Хамза аталған салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің маңыздылығына тоқталып, Индонезияның Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды әріптестерінің бірі ретінде қарайтындығын атап өтті. Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне айрықша көңіл бөлініп, екі елдің заңнамалық органдары арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі топ құру қажеттілігі айтылды.