28 Наурыз, 2015

«KEGOC» АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА

273 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ), орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 20 наурыздағы шешімімен (№ 2 хаттама) шақырылып отырған «KEGOC» АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысы өткізілетіндігін хабарлайды. Акционерлердің Жалпы жиналысы 2015 жылғы 30 сәуірде 11 сағат 00 минутта мына мекенжайда өтеді: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, акт залы. Акционерлердің Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 30 сәуірде 09 сағат 00 минуттан 10 сағат 30 минутқа дейін жүргізілетін болады. Акционерлердің Жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акционерлер жеке куәлігін немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс. Жеке тұлға акционерлердің өкілдері белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатын және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі қажет. Заңды тұлға акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатын және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатын ұсынуы тиіс. Егер заңды тұлға акционерлер атынан Акционерлердің Жалпы жиналысына осы тұлғалардың жеке тұлғадағы атқарушы органдары (директор, бас директор, президент) қатысатын болса, олар тіркелген кезде сайлануы немесе тағайындалуы туралы тиісті құжатты, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғалар үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге немесе Акционерлердің Жалпы жиналысына қатысуға сенімхат талап етілмейді. Егер Акционерлердің Жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге қосылған тұлға «KEGOC» АҚ өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иеліктен айырған болса, Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2015 жылғы 24 сәуірде жасалады. Акционерлердің жалпы жиналысының алдын ала белгіленген күн тәртібі: 1. «KEGOC» АҚ жылдық есебін бекіту туралы; 2. Жылдық қаржылық есепті, таза табысты бөлу тәртібін бекіту – жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2014 жылға «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы. 3. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттігі мерзімін анықтау, оның мүшелері мен төрағасын сайлау, сондай-ақ «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өздерінің міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар мен өтемақылар төлеу мөлшері мен талаптары туралы; 4. Акционерлердің «KEGOC» АҚ мен оның лауазымды адамдарының іс-әрекетіне өтініш жасауы және олардың қорытындыларын қарау туралы; 5. «KEGOC» АҚ акционерлері жалпы жиналысы Есеп комиссиясының сандық құрамын, өкілеттігі мерзімін анықтау және оның мүшелерін сайлау. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901-бөлме мекенжайы бойынша демалыс күндерден басқа, 2015 жылғы 15 сәуірден бастап сағат 9.30-дан 17.00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-тың www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» деген бөлімдегі материалдармен танысуға болады. Акционерлердің жалпы жылдық жиналысының материалдарына және де өткізілуіне байланысты сұрақтарға жауаптарды +7 (7172) 690 491; +7 (7172) 690 297 телефондары арқылы немесе www.kegoc.kz веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы алуға болады. Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы 2015 жылғы 13 мамырда 11 сағат 00 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайта өткізіледі. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 13 мамырда 09 сағат 00 минуттан бастап 10 сағат 30 минутқа дейін жүргізіледі.