Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қабылдау барысында Қ.Келімбетов елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің ахуалы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев күрделі экономикалық жағдайға байланысты көп нәрсе Ұлттық банктің жұмысына, сондай-ақ, мемлекеттің ақша-несие саясатына тәуелді екенін атап өтті.
– Бюджет жағдайының нашарлауына, барлық экспорттық тауарларымызға бағаның төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің өз жұмысын жоғары біліктілікпен жүргізуі аса маңызды, – деді Қазақстан Президенті.
Ал Ұлттық банк төрағасы биылғы қаңтар мен маусым аралығы кезеңінде инфляция 1,4 пайызға тең болғанын, бұл ретте жылдық инфляция 3,9 пайызды құрағанын айтты.
– Бұл осы уақытқа дейінгі ең төмен көрсеткіш, яғни біз инфляцияны 3-4 пайыз деңгейінде сақтау жөніндегі тапсырманы орындадық. Бұл орайда, Ұлттық банктің жиынтық халықаралық резерві 29 миллиард доллар болды. Салымдар бірінші жартыжылдықта 2,3 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыздар үлесін азайту мәселесі шешілді, бұрын оның көлемі 33 пайызға жеткен болса, қазіргі уақытта ол 9,98 пайызға дейін төмендеді, – деді Қ.Келімбетов.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Жұмыс уақытында мас күйінде ұсталған ауыл әкімі қызметінен қуылмақ
Заң • Бүгін, 16:20
Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:10