АСТАНА. 29 маусым. Мемлекет басшысының алдағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан Президентінің қатысуымен 2 шілдеде Индустрияландыру күнін өткізу жоспарлануда. Іс-шара «Нұрлы жол» және елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына арналады. Оның шеңберінде Индустрияландыру картасындағы жаңа жобаларды және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық нысандар құрылысын іске қосу рәсімі өтеді. Сонымен қатар, Қазақстанның өндіріс тауарларының көрмесі ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, 3 шілдеде өтетін жиында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның есебі тыңдалады.
Ал 4-6 шілде күндері Мемлекет басшысының Астана күніне арналған іс-шараларға қатысуы жоспарланған.
Шілденің сегізінде елімізге Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди сапармен келеді. Сапар барысында Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолдары қарастырылады.
Одан бөлек, 9-10 шілдеде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясының Уфа қаласында өтетін ШЫҰ және БРИКС саммиттеріне қатысуы көзделген.
Сонымен қатар, Президенттің баспасөз қызметі 3 шілдеде Мемлекет басшысының akorda.kz ресми сайтының жаңартылған нұсқасын іске қосуды жоспарлап отыр.
Жаңа сайттың ерекшеліктері ретінде оның қолайлы құрылымы мен навигацияларын, сайттың планшеттер мен смартфондарда толық көрінуіне лайықталған дизайнын, «Президентке хат» функциясы аясында Мемлекет басшысына хат жолдау мүмкіндігі қарастырылғанын атап айтуға болады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55